бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

8 миллион қазақстандық декларация тапсырудан босатылады: кімдерге қатысты?

2025-06-24     HaiPress

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жаңа Салық кодексінің жобасында жеке тұлғаларды декларация тапсыру міндетінен босату қарастырылғанын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенаттың кулуарында Біржанов №250 нысан – яғни кіріс декларациясы – бір рет тапсырылады және оны қайта тапсыру қажет емес екенін еске салды.

"Тек 270-нысан тапсырылады – 15 қыркүйекке дейін,егер жыл ішінде қандай да бір өзгерістер немесе сатып алулар болса",– деп түсіндірді ол.

Вице-министрдің айтуынша,Қазақстандағы барлық сатып алулардың 87 пайызы қолма-қол емес жолмен жүзеге асырылады,бұл салық органдарына барлық қажетті ақпаратты автоматты түрде алуға мүмкіндік береді.

"Сондықтан шешім қабылданды: салықты өзі есептемейтін жеке тұлғалар декларация тапсырудан босатылады. Себебі олардың орнына салық міндеттемелерін жұмыс беруші немесе агент орындайды. Біз әрбір қызметкер бойынша есептілікті онсыз да алып отырмыз,бұл деректер бізде сақтаулы. Егер біреу декларация тапсырмаса,біз оны көреміз. Бұл 8 миллион адамды есеп тапсыруға мәжбүрлеудің қажеті жоқ",– деп түйіндеді вице-министр.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap