бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

“Ұлттық қор – балаларға“: әр бала қанша ақша алды?

2025-06-27     IDOPRESS

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржы министрі Мәди Тәкиев "Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында әр қазақстандық балаға қанша қаражат аударылғанын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2024 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есептерін тыңдады. Мәди Тәкиевтің айтуынша,былтыр Ұлттық қордың активтері 16 пайызға өсіп,66,2 миллиард доллар болған.

"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша екі жыл ішінде шамамен 7 миллион баланың әрқайсына 233 доллардан аударылды",– деді министр.

2024 жылы ЖІӨ 4,8 пайызға өсті. Негізінен өсім мұнайға қатысы жоқ сектор есебінен қамтамасыз етілді. Биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ 6 пайызға артқан.

Былтыр біріктірілген бюджеттегі мұнайға қатысы жоқ кірістердің үлесі 2,5 пайыздық тармаққа өсті.

Тәкиевтің айтуынша,инфляция 9,8 пайыздан 8,6 пайызға дейін төмендеді. Бюджет тапшылығы 3,6 триллион теңге немесе ЖІӨ-нің 2,7 пайызы болды. Мемлекеттік қарыз 31,8 триллион теңгеге жетіп,ЖІӨ-нің 23,7 пайызына тең болды.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap