бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Астанадағы саябақта “Заң және тәртіп“ атты фотокөрме өтіп жатыр

2025-07-01     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астананың орталық саябағындағы "Атырау" көпірінің жанында "Заң және тәртіп" атты ерекше фотокөрме ашылды,- деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Көрмеде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің күнделікті еңбегіне арналған ондаған фотосурет қойылған.

Экспозицияны ҚР Ішкі істер министрлігі ұйымдастырып отыр. Оның мақсаты – азаматтардың құқықтық санасын нығайту,құқық бұзушылыққа төзбеушілікті қалыптастыру және қоғамда "Заң және тәртіп" қағидатын насихаттау. Көрменің салтанатты ашылуына ерекше реңк берген – ҚР ІІМ Ұлттық ұланының үрмелі оркестрі орындаған музыкалық композициялар.

Көрмеге қойылған фотосуреттердің басым бөлігі – ІІМ сәуір айында жариялаған фотобайқау нәтижесінде жиналған жұмыс. Байқауға еліміздің әр өңірінен шамамен 100 фотосурет келіп түсті. Әр сурет – учаскелік инспекторлардың,патрульдік полиция қызметкерлерінің,құтқарушылар мен қызметтік иттердің өмірінен алынған шынайы оқиғалар. Олар күн сайын заңдылық пен қауіпсіздік күзетінде тұр.

Фотосуреттерде құқық қорғау саласы қызметкерлерінің жұмыс барысы бейнеленген: тасқын салдарын жою,орман өртін сөндіру,мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қадағалау,қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әсіресе балаларды қорғау мен алдын алу шараларына ерекше мән берілген,яғни аулалардағы қауіпсіздік пен білім ордаларындағы іс-шаралар көрініс тапқан.

"Полицияның жұмысы – тек қылмыскерлерді ұстау емес. Олар – төтенше жағдайдағы көмек,тыныштықты күзету,адамдардың өмірін сақтау. Біз осының бәрін камера объективі арқылы көрсеткіміз келді. Көрмеге азаматтардың қызығушылығы күткенімізден де асып түсті. Біз мұнда екі сағаттан астам уақыт болдық,осы аралықта адамдар легі бір сәтке де тоқтаған жоқ. Бұл тақырыптың жұртқа жақын екені байқалады. Адамдар тоқтап,сұрақтарын қойып,эмоцияларын бөлісіп жатыр",— деді ҚР ІІМ Ақпараттық саясат департаменті басшысының орынбасары Динара Сағандықова.

Суреттер: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Көрмеге келгендер арасында туристер де болды. Олар бұл шараға кездейсоқ тап болған.

"Біз Омбыдан келдік,қаланы аралап жүріп,музыка үнін естіп қалдық. Жақын келсек,осындай керемет көрмеге тап болдық,таңғалдық. Фотосуреттер,оркестр,жалпы атмосфера – бәрі ерекше әсер қалдырды. Мұндай шараны көргенімізге өте қуаныштымыз",– деді шара қонақтары.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap