бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Қазақстанда темекі қымбаттады

2025-07-10     IDOPRESS

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда темекінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы 12,1 пайызға өсіп,920 теңгеге жетті. Бұл туралы қаржы министрі Мәди Тәкиевтің бұйрығында айтылған,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство басшысы 2022 жылғы 22 ақпандағы №196 "Фильтрлі және фильтрсіз темекіге,папиросқа,сигара мен қыздырылатын темекі өнімдеріне ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы" бұйрығына өзгерістер енгізді.

Бұйрыққа сәйкес,20 дана фильтрлі және фильтрсіз темекіге,сигараға және қыздырылатын темекі өнімдеріне ең төменгі бөлшек сауда бағасы мынадай болып бекітілді:

920 теңге – 2025 жылғы 1 шілдеден бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін (бұрынғы баға – 820 теңге);

970 теңге – 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап (бұрын – 870 теңге).

Бұйрық 2025 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap