бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Миллион долларға жуық ақшаны алып кеткен: Бішкекте тонау оқиғасы видеоға түсіп қалған

2024-12-12     HaiPress

Бішкекте қарақшылық шабуыл видеоға түсіп қалды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап. Куәгер екі ер адамға ұрылардың шабуыл жасаған сәтін видеоға түсіріп алған.

Бішкекте қарақшылық шабуыл видеоға түсіп қалды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап. Куәгер екі ер адамға ұрылардың шабуыл жасаған сәтін видеоға түсіріп алған.

Ер адамдарға ақша айырбастау пунктінен шыққан кезде шабуыл жасалған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше,олардың қолындағы сөмкеде 300 мың доллар мен 56 миллион сом (645 мың доллардан астам) болған.

Бейнежазбада шабуылдаушылардың алғашқыда бұрыш бүріккіш баллондарды қолданғаны,бірақ ер адамдардың қарсылығына тап болып,төбелес басталғаны көрінеді. Кейін бір көлік келіп,одан қолына пышақ ұстаған тағы бір ер адам түсіп,шабуылдаушыларға көмектескен. Олар көлікке отырып,кетіп қалады.

Зардап шеккендер қол сіңірлері мен бұлшықеттерінің жарақаттарымен ауруханаға жеткізіп,ота жасалған.

Шабуылдаушыларды ұстау үшін Бішкекте "Перехват" жоспары жарияланды. Қылмыстық кодекстің "Қарақшылық" бабы бойынша іс қозғалған. Тергеу мен қылмыскерлерді ұстау процесін ІІМ басшылығы өз бақылауына алды.

"Зардап шегуші М.А. өзінің немен айналысатынын ешкім білмейтінін айтып,мұны кім жасауы мүмкін екенін білмейтінін мәлімдеді. Шабуылдаушылар қашып кеткен Ford Focus көлігі Туголбай Ата көшесінде,Ибраимов көшесімен қиылысына жақын жерден табылды",– делінген жарияланған хабарламада.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap