бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Ақтаудағы шағынаудан атауын Анталья деп өзгертуден неге бас тартылуы мүмкін?

2024-12-23     IDOPRESS

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтаудағы бір шағынауданды Анталья деп атау идеясынан не себепті бас тартылуы мүмкін екенін түсіндірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтаудағы бір шағынауданды Анталья деп атау идеясынан не себепті бас тартылуы мүмкін екенін түсіндірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Самал шағынауданын Анталья деп атау туралы қоғамдық тыңдаулардың кейінге қалдырылғаны хабарланған болатын.

Бүгін Астанада өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі бұл мәселе әлі талқыланып жатқанын айтты. Алайда,алдағы тыңдаулар барысында басқа да атау нұсқалары қарастырылатынын жеткізді.

"Сіздер білесіздер,Анталья – жақсы атау,халықаралық,брендті. Бірақ өзімізде де жақсы атауларымыз бар. Неге Айрақты немесе Шары деп атамасқа? Сондықтан бұл мәселе талқыланады",– деді Қилыбай ОКҚ-да өткен брифингте.

Еске салайық,биылғы қарашада Ақтауда қаланың бір шағынауданы атауын өзгерту туралы қоғамдық тыңдаулар жарияланған болатын. Сол кезде бұл шара Қазақстан мен Түркия арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту мақсатында жоспарланғаны айтылған еді.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap