Дина Шарипханова
Корреспондент
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алдағы күндері Астана мен Алматыда ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр мен найзағай күтіледі,ал елордада бұршақ жаууы мүмкін. 13-15 маусым аралығындағы ауа райы болжамы жарияланды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
13 маусымда елордада бұлтты ауа райы күтіледі,күндіз кей жерлерде жаңбыр,найзағай,бұршақ жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады,түнде 2-7 м/с,күндіз 9-14 м/с,екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +17...+19,күндіз +27...+29.
14 маусымда синоптиктер бұлтты ауа райын,күндіз жаңбыр мен найзағай болатынын болжайды. Жел батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20,күндіз +26...+28.
15 маусымда да бұлтты ауа райы,кей уақытта жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +17...+19,күндіз +24...+26.
13 маусымда Алматыда бұлтты,бірақ жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +19...+21,күндіз +29...+31.
14 маусымда бұлтты,өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +19...+21,күндіз +29...+31.
15 маусымда синоптиктер бұлтты ауа райын,өткінші жаңбыр мен найзағайды болжайды. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20,күндіз +29...+31.