бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Апелляциялық сот Арыстанбек Мұхамедиұлының ісін қарады

2024-08-22     HaiPress

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты үкім қайта қаралды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты үкім қайта қаралды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық істі қарауды 21 тамызда Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы жүргізді.

Бірінші үкімге қорғаушылар,сотталушылар және олардың адвокаттары шағымданды.

"Астана сотының сот алқасы шағымдардың дәлелдерін зерделеп,процеске қатысушыларды тыңдап,қылмыстық істің материалдарын зерттеп,сотталғандардың кінәсінің дәлелденгені туралы сот қорытындыларымен келісті. Бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз жоқ",- делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.

Еске салайық,биыл 29 ақпанда Арыстанбек Мұхамедиұлы төрт бап бойынша 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

"Алтын адамның шеруі" көрмесін өткізу кезінде ақша жымқырғаны жасағаны үшін;

лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану;

Дипломат" қонақүйімен байланысты рейдерлік әрекеттері үшін;

пара беруге әрекет жасағаны үшін.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap