ПОДЕЛИТЬСЯ
ҰҚК Антальяда "Астана LRT" экс-басшысы Талғат Ардан ұсталғанын мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2019 жылы қыркүйекте Бас прокуратура Түркияның Әділет министрлігіне "Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы,Қазақстан азаматы Талғат Арданды беру туралы сұрау жолдаған.
Осыған байланысты Түркия Республикасының құзыретті органдары іздеу іс-шараларын жүргізген.
"Биыл ҰҚК оның нақты орналасқан жерін анықтады,кейін оны Түркияның құқық қорғау органдары Анталья қаласында ұстады. 9 мамырда Анталья соты Т.Арданды Қазақстанға депортациялау туралы шешім қабылдады және қазір ол қамауда отыр",- деп жазылған хабарламада.
Қазақстанның құзыретті органдары оны Қазақстанға қайтару бойынша рәсімдерді бастады.
LRT ісі бойынша тергеу бес жыл бұрын аяқталды. Осы уақыт ішінде басты айыпталушылар,яғни "Астана LRT" экс-басшысы Талғат Ардан мен Астана әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков халықаралық іздеуде болды.
Айта кетейік,Астана әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков 5,3 жыл іздеуде болды.
Astana LRT бұрынғы басшысы Талғат Ардан 6 жылдан бері іздеуде болды.
Еске салайық,2023 жылы мамырда Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында LRT ісі бойынша айыпталушылар Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековке сырттай үкім жарияланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!