бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Байбектің әкесінің есімі Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобы ісінде аталды

2025-05-13     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экс-әкім Бауыржан Байбектің әкесінің аты Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының қылмыстық схемаларында аталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы сәуірдің аяғында сотталған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің бірі Айбек Қоспаевқа қатысты сот құжаттарында көрсетілген.

Схема қалай жұмыс істеген?

Әңгіме Esentai City тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді сату туралы болып отыр. Сот үкіміне сәйкес,бұл пәтерлер нарықтық бағадан төмен бағада ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің туыстары мен таныстарына сатылған. Мұндай сатып алушылар қатарында Қыдырғали Байбек те болған.

Тергеу мәліметтері бойынша,Қоспаевтың қылмыстық тобы 2019 жылғы 8 сәуірден 2020 жылғы 23 желтоқсанға дейін AV-Construction ЖШС мүлкін ұрлаған.

"Осылайша,Д.Абижанов,Т.Танашев және Р.Бабаев ұйымдасқан топ жетекшісі Е.Қоспаев және басқа тұлғалармен келісіп,сеніп пайдалануға берілген және салынып жатқан жылжымайтын мүлік объектілерін Алматының әкімі болған Б.Байбектің әкесі Қ.Байбектің пайдасына өзіндік құнынан төмен бағамен сатуға шешім қабылдаған",– делінген үкімде.

Байбектің әкесіне қатысты эпизодтар

Осылайша,Қыдырғали Байбек Esentai City кешеніндегі пәтер мен екі коммерциялық нысанның иесі болған.

Сот үкімі бойынша,2019 жылғы 8 сәуірде AV-Construction кеңсесінде Коспаев ұйымдасқан тобының мүшесі Р.Бабаевқа Қ.Байбектің атына Каппаров көшесіндегі №14 пәтерді сату туралы тапсырма берген. Пәтер 43 586 000 теңгеге сатылған,бұл – тергеу дерегі бойынша,өзіндік құнынан айтарлықтай төмен баға.

Төлем түскеннен кейін Бабаев Қоспаевтың нұсқауымен Қ.Байбекпен жалпы ауданы 114,7 шаршы метр болатын пәтерді сату келісімшартына отырған. Тергеу бұл әрекетті ұйымдасқан топпен аса ірі мөлшерде жасалған мүлік ұрлығы ретінде бағалаған.

Esentai City-дегі коммерциялық нысандар да арзанға сатылған

2020 жылғы 23 желтоқсанда Қоспаев компания кеңсесінде тағы да Қ.Байбекке Каппаров көшесіндегі екі коммерциялық нысанды төмен бағамен сату туралы тапсырма берген.

Бабаев,Абижанов және Танашевпен келісіп,нысандар мен олардың бағасын анықтаған. Нәтижесінде мынадай келісімдер жасалған:

121,6 шаршы метрлік нысан – 50 206 027 теңгеге;

97,6 шаршы метрлік нысан – 40 464 621 теңгеге.

"Осылайша,Е.Қоспаев және Т.Танашев,Р.Бабаев және басқа тұлғалардан тұратын ұйымдасқан топ компанияның сеніп тапсырылған мүлкін өзіндік құнынан төмен бағамен үшінші тұлғаларға сату арқылы аса ірі мөлшерде ысырап етті",– делінген үкімде.

Аталған заңсыз әрекеттердің салдарынан AV-Construction ЖШС мен оның заңды иелеріне 65 946 191 теңге көлемінде залал келтірілгені атап өтілген.

Жалпы,сот үкіміне сәйкес,ұйымдасқан топ 2018 жылғы шілдеден 2022 жылғы сәуірге дейін Esentai City кешенінде AV-Construction-ға тиесілі пәтерлерді,кеңселер мен жер телімдерін өзіндік құнынан төмен бағада өздеріне,туыстарына сату немесе мүлде төлемей беру арқылы 4 628 145 093,13 теңге көлемінде мүлік ұрлығын жасаған.

Айбек Коспаев кінәлі деп танылып,12 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap