бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Тоқаев пен Абу Дабидің тақ мұрагері Астанадағы мектеп-лицейге барды

2025-05-13     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті мен Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халиф бен Заид Әл Нахаян атындағы №84 мектеп-лицейге барды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мәртебелі меймандарға қазіргі кезде оқу ошағында 2800 бала білім алып,159 педагог еңбек ететіні жөнінде ақпарат берілді. Биылғы оқу жылында "Цифрлы мектеп" жобасы дайындалып,жаратылыстану және математика пәндері 7 бағытта,атап айтқанда,IT STEM,FAB LAB,роботты техника,қолданбалы математика,биоинженерия,математикалық модельдеу,биохимия салаларына бөліп оқытылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян араб тілі кабинетін көрді. Мектеп оқушылары араб тілі мен әдебиетін меңгеруде жеткен жетістіктерін танытты.

Оқушылар Қазақстан Президенті мен Абу Дабидің Тақ мұрагеріне мектеп музейін таныстырды. Онда екі елдің ынтымақтастығы мен достығына арналған көрме ұйымдастырылған. Экспозицияға ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі араб әлемі жөнінде сыр шертетін кітаптар,ұлттық киім үлгілері мен тарихи жәдігерлер қойылған.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap