бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Несие алудың жаңа жүйесі 1 қыркүйектен бастап жүзеге асады

2024-08-22     HaiPress

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтардың электрондық үкімет порталында несие алудан ерікті түрде бас тарту құқығы бар екенін еске салды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтардың электрондық үкімет порталында несие алудан ерікті түрде бас тарту құқығы бар екенін еске салды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тиісті норма биыл ақпанда заңды түрде енгізілді. ҚНРДА мәліметінше,бүгінде 461 мың азамат несие алудан өз еркімен бас тартуды ресімдеді.

"Заңмен 1 қыркүйектен бастап несие берушілердің несие алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу кезеңінде заңсыз ресімделген азаматтардың кредиттері бойынша борышты есептен шығару міндеті қосымша енгізіледі",- деп хабарлады агенттік.

Бұдан басқа,20 тамыздан бастап кклиентті биометриялық сәйкестендірусіз электрондық банктік қарыздар мен онлайн-микрокредиттер беруге тыйым салынды. Сол күннен бастап борышкерлер алаяқтық кредиттер бойынша тергеу іс-шараларын жүргізудің барлық кезеңіне сыйақы есептеуді және талап-арыз жұмысын тоқтата тұруға міндетті болады. Бұл ретте клиентке қойылатын талаптар клиенттің қатысуынсыз алаяқтық тәсілмен қарызды ресімдеу дерегі анықталатын заңды күшіне енген сот шешімі негізінде тоқтатылуға тиіс.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap