бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Жанқош Тұраровтың әйелі мәлімдеме жасады

2024-08-23     HaiPress

Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса боксшының "қыз зорлады" деп айыпталуына қатысты мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса боксшының "қыз зорлады" деп айыпталуына қатысты мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Хабарласқанда телефон алуға шамасы келмей,уақыт таппай жүрген "құрбы-таныстың" бәрі түннен бері хабарласып,жағдайымды сұрады ғой. Бәрі дұрыс,уайымдамаңыздар. Ел алдында жүрген адамдар туралы не айтылмай жатыр?",- дейді Клара Иса.

Еске салайық,күні кеше Жанқош Тұраров қыз зорлады деген ақпарат тараған болатын. Бұл туралы "Письма президенту" телеграм арнасында жазылды. Алматының Полиция департаменті бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

"Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр",- делінген полиция хабарламасында.

Артынша Жанқош Тұраровтың өзі де "қыз зорлады" деген ақпаратқа алғаш рет жауап берді.

"Үш қыз өсіріп отырған әкемін. Төсектес қыз керек болса,маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар! Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын.


Қазір мәселенің мән-жайын анықтап,кім,қандай жала тағып отырғанын анықтайтын боламын!",- деді Тұраров.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap