бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Антикор емхананың директоры мен есепшісіне іс қозғады

2024-08-28     HaiPress

Атырауда қаражат жымқырған емхана басшылығы сотталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырауда қаражат жымқырған емхана басшылығы сотталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

26 тамызда Атырау қаласының соты №4 Атырау қалалық емханасының директоры Е. Сабировқа,шаруашылық меңгерушісі А. Әлжановаға,бас бухгалтер М. Дүйсенғалиеваға және кәсіпкер А. Ералиеваға қатысты үкім шығарды.

Алдын алу шаралары шеңберінде сот процесі ашық режимде өткізілді.

Процеске онлайн түрде облыстық денсаулық сақтау басқармасының және оның 28 ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері қосылды.

Сотталушылар заңнама талаптарын бұза отырып жасалған шарттар шеңберінде іс жүзінде қызмет көрсетусіз кәсіпкерге 231,8 млн теңге сомасында ақша аудару жолымен қаражат жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен оларға 5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.


Сондай-ақ,емхана басшысы Сабиров өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды.

Әлжанова,Дүйсенғалиева және Ералиева мемлекеттік ұйымдарда 7 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap