бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Ақтауда қоқыс көлігі жарылып кетті

2024-09-08     HaiPress

Ақтауда қоқыс көлігі жарылып кетті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтауда қоқыс көлігі жарылып кетті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Құтқарушылар мәліметінше,бүгін,7 қыркүйекте күндіз сағат 12:01-де Мұнайлы ауданындағы "Әйгерім" мейрамханасының маңындағы жолда қоқыс таситын көліктен өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түскен.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 12:09-да жетті.

Өрт сөндірушілер келгенше 120 литрлік газ баллоны жарылған. Салдарынан жарылыс толқынынан әйнек сынып,20 метр жерде орналасқан "Ақ жол" азық-түлік дүкенінің баннеріне зақым келген.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Көлік толығымен өртеніп кетті.

Өрт сағат 12:19-да сөндірілді.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap