бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Қазақстандықтарға мемлекеттен 1,5 миллион теңге алу ұсынылды

2025-05-12     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

21 мамырдан бастап 1-лек бойынша жаңа бизнес идеяларды іске асыруға грант алуға өтініштер қабылданады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше,республика бойынша бірінші лекте 4 500 адамға грант беру жоспарланып отыр. Өтініш Business.enbek.kz порталында қабылданады.

Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі,негізгі мақсаты - жаңа бизнесті бастау және дамыту. Гранттың мөлшері - 400 АЕК (1 572 800 тенге). Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.

"Грант ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге бизнес әлеуетін арттыруға,өндірісті жолға қоюға және дамытуға,сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді",- деп жазылған хабарламада.

Өтініш беру шарттары

Порталда тіркелу;

грант алу шарттарына сәйкес тексерістен өту;

бизнес жоспар үлгісін жүктеп алып,оны толтыру және порталға енгізу;

өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.

Интернет немесе компьютер болмаса,мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында,халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтініш беруге болады.

Грантты кімдер ала алады?

тіркелген жұмыссыздар;

жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін).

Бұл ретте үміткер мына әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:

мүгедектігі бар адамдар;

қолданыстағы "қандас" мәртебесі бар адамдар;

өңіраралық қоныс аударушылар

аз қамтылған отбасы мүшелері;

көпбалалы отбасы мүшесі (жұбайы/зайыбы);

мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы);

асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.

Үміткердің "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқығаны туралы,3 жылдан аспайтын мерзімде берілген сертификаты болуы тиіс.

Грантты қайда жұмсауға болады?

Грантпен қажет құрал-саймандарды,еңбек құралдарын,технологиялық жабдықтарды,мал,жануарларды,құстарды,көшеттерді,бұталарды,тұқымдарды сатып алуға,орын-жайларды жалға алу ақысын төлеуге алуға болады.

Грант кредитті өтеуге,жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға,жер учаскелерін сатып алуға,акцизделетін өнім өндіруге берілмейді.

Грант қалай беріледі?

Гранттарды Еңбек мобильділігі орталықтары грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарайтын аудандық/қалалық комиссияның шешімі негізінде береді.

Үміткерлер өз бизнес жобасын комиссия отырыстарында таныстырады. Бұл ретте комиссияның әрбір мүшесі бизнес жоспарды бағалайды және бағалау парағын мынадай өлшемшарттар бойынша толтырады: бизнес идеяның бәсекеге қабілеттілігі,өткізу нарықтарының пысықталуы,бизнес жобаның қаржылық өміршеңдігі,кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі,жаңа жұмыс орындарын құру.

Комиссия шешімі үміткердің порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі. Комиссияның оң шешімі болған жағдайда үміткер банк деректерін ұсынады,шартқа қол қояды және одан әрі тоқсан сайын қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп береді.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap