ПОДЕЛИТЬСЯ
Астанада құтқарушылар сауда үйінде лифтте қалып қойған адамдарға көмек көрсетті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше,9 мамыр күні Нұра ауданындағы Тұран даңғылы бойында орналасқан сауда үйлерінің бірінде үш ересек адам мен бір сәби жолаушылар лифтінде тұрып қалған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар гидравликалық құралдардың көмегімен лифт есігін ашып,адамдарды сыртқа шығарды. Зардап шеккендер жоқ,ешкімге медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ лифт ішінде қалып қойған жағдайда сақталуы тиіс ережелерді еске салады:
сабыр сақтаңыз,жаныңыздағыларды тыныштандырыңыз;
диспетчермен байланысыңыз;
барлық түймені қатар баспаңыз;
лифт есігін өз бетіңізше ашуға тырыспаңыз;
сыртқы әлеммен байланыс арналарының барлығын пайдаланыңыз.
Айта кетейік,өткен жылы Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде де осындай жағдай орын алған болатын – лифт ішінде балалар қалып қойған еді. Оларға да құтқарушылар көмекке келген.