бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Мемлекеттік қызметшілер бұрынғы лауазымда теріс қылық жасағаны үшін жазаланатын болады

2025-05-12     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жарлыққа қол қойды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжат нормативтік құқықтық актілердің ресми сайтында жарияланды. Өзгерістер саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге қатысты. Енді олар бұрын атқарған лауазымдарында жасаған тәртіп бұзушылықтары үшін де жауапкершілікке тартылуы мүмкін,тіпті қазіргі уақытта басқа қызметте болса да.

Егер алдыңғы мемлекеттік лауазым мемлекеттік саяси лауазым болып табылса,онда тәртіптік жауаптылық мәселесін қарауды мемлекеттік қызметші тәртіптік теріс қылық жасаған кезде лауазымды атқарған мемлекеттік орган осы Қағидалардың мемлекеттік саяси қызметшілерге қатысты тиісті ережелерін қолдана отырып жүзеге асырады.

Қызметтік тергеу: мерзім және рәсімдер

Жаңа өзгерістер тәртіпбұзушылық деректері бойынша қызметтік тергеу тағайындау тәртібін реттейді. Енді бұрын қызмет атқарған мемлекеттік орган үш жұмыс күні ішінде қазіргі жұмыс орнын тексерудің басталғаны жөнінде хабардар етуі тиіс.

Материалдарды қарау бұрынғы жұмыс орны бойынша комиссияда өтеді,ал тәртіптік жаза қолдану туралы шешім бес жұмыс күні ішінде жаңа жұмыс орнына жіберіледі.

Жаңа редакцияға сәйкес,егер саяси немесе әкімшілік мемлекеттік қызметшінің өкілеттігі тоқтаған сәтте тәртіптік жаза алынбаған болса,ол қызметтен босатылған күннен бастап автоматты түрде алынған деп есептеледі.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap