ПОДЕЛИТЬСЯ
Желіде Шымкент әкімінің жараланған орынбасарының аурухана палатасындағы фотосы пайда болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Руслан Берденовтың фотосын Facebook парақшасында Марғұлан Сейсембаев жариялады.
Еске салайық,21 сәуір күні кешке қала әкімдігі ғимаратының жанында Руслан Берденовқа оқ атылған еді. Шенеунік жарақат алып,ауруханаға жеткізілген болатын. Қазір ол ауруханада медициналық көмек алып жатыр. Күдікті ұсталып,қылмыстық іс қозғалды.
Брифинг барысында Шымкент әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек әріптесіне жасалған шабуыл туралы мәлімет берді. Ол шенеуніктің жүргізушісі күдіктіні ұстауға көмектескенін растады. Кейінірек Берденовқа үш рет оқ атылғаны белгілі болды.