бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Әкімнің орынбасарлары ішімдік қойылған дастарханда видеоға түсіп қалған: жаңа мәліметтер

2024-09-12     HaiPress

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Кербұлақ ауданы әкімі орынбасары түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Кербұлақ ауданы әкімі орынбасары түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Кербұлақ ауданы,Сарыөзек ауылының тұрғыны түсірген видео пайда болған еді. Ол кезде кадрларда бірнеше ер адамның жұмыс уақытында мекемелердің бірінде үстел басында отырғаны көрсетілген. Әйелдің айтуынша,жазбада Жетісу облысы Кербұлақ ауданы әкімінің екі орынбасары мен Алматы облысы депутаттарының бірі түсірілген.

Жария болғаннан кейін іске Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкерлері араласқан. Олар аудан әкімдігі қызметкерлерінің әрекеті мемлекеттік қызметшілердің этикалық талаптарын бұзу ретінде қарастырылғанын хабарлады.

"Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі" талаптарын бұзғаны үшін Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасарларына қатысты тәртіптік істер қозғалды және қызметтік тергеулер жүргізіліп жатыр. Нәтижелер Жетісу облысының Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында қаралады",- деп хабарлады облыстың Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті.

Бұл ретте департамент видеоға түсіп қалған мемлекеттік қызметкерлердің аты-жөнін көрсетпеді.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap