бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Синоптиктер Астана және Алматы тұрғындарына ескерту жасады

2024-09-15     HaiPress

"Қазгидромет" Алматы,Астана және тағы 4 қала тұрғындарын ескертеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" Алматы,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2024 жылы 15 қыркүйекте Ақтөбе,Алматы,Риддер,Өскемен,түнде Астана,Қостанай қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі",- делінген хабарламада.

Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық,әлсіз жел,тұман,инверсия) жиынтығы.

Синоптиктер сондай-ақ 15 қыркүйекке арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды.

"Кең антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды. Солтүстікте,солтүстік-шығыста,оңтүстік-шығыста,елдің орталығында фронтальды бөлімдердің әсерінен жаңбыр жауып,найзағай ойнайды. Республика бойынша жел күшейеді,оңтүстігінде шаңды дауыл болады. Солтүстікте,шығыста,орталықта,оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі",- дейді метеорологтар.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap