бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Синоптиктер алматылықтарға ескерту жасады

2024-09-17     HaiPress

Қазгидромет Алматы тұрғындарына ескерту жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет Алматы тұрғындарына ескерту жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2024 жылы 17 қыркүйекте Алматы,Петропавл қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі",- делінген хабарламада.

Қолайсыз метеожағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық,әлсіз жел,тұман,инверсия) жиынтығы.

Синоптиктер сондай-ақ 17 қыркүйекке Қазақстан аумағы бойынша синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды.

"Кең антициклон ҚР көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды. Елдің шығысында,оңтүстігінде,оңтүстік-шығысында фронтальды бөлімдердің әсерінен найзағай ойнап,жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді,оңтүстігінде шаңды дауыл болады. Солтүстікте,шығыста,оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі",- дейді метеорологтар.

Абай облысының шығысында,орталығында,Шығыс Қазақстан,Павлодар,Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігінде,шығысында Қостанай,Қарағанды,Ақмола облыстарының солтүстігінде,шығысында,Жетісу облысының таулы аудандарында 1-4 градус аяз күтіледі.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap