бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Ұлытаулықтардың алимент қарызы 350 миллионнан асқан

2024-09-22     HaiPress

Ұлытаулықтардың алимент үшін қарызы 350 миллион теңгеден асты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24kz телеарнасына сілтеме жасап.

Ұлытаулықтардың алимент үшін қарызы 350 миллион теңгеден асты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24kz телеарнасына сілтеме жасап.

Борышкерлер тізіміндегі 400 адамға шетелге шығуға тыйым салынды. Мәселені шешу үшін Әділет департаменті жұмыссыз жүрген берешегі барларға арнап кезекті еңбек жәрмеңкесін өткізді. Наталья бұрынғы күйеуімен 10 жыл бұрын ажырасып,бір баласымен қалған.

Алғашқы жылдары отағасы баласына көмек көрсетіп,уақытында алимент төлейтін. Бірақ бұл әрекеті ұзаққа созылмай,бес жыл бойы қара тізімде тұрды. Қордаланған қарызын сот орындаушылары жақында өндіріп берді.

"Бастапқы кезде аздап көмек көрсетіп тұрды. Кейін жалақысының аздығын айтып,мүлдем төлемей қойды. 1 млн теңгеден астам алиментті сот арқылы өндіріп алдық. Қазір уақытында төлеп жүр",– дейді Жезқазған қаласының тұрғыны Наталья.

Өңірде 6700 адам алимент төлеуге міндеттелген.

Әділет департаменті мамандарының дерегінше,167 борышкер қарызын өтеуге құлықсыз. Олар алимент төлемеу үшін түрлі айла-әрекетке барады. Жұмыс берушімен келісіп,тапқан табысын жасырады.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap