бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

“Интергаз Орталық Азия“ филиалының топ-менеджері сотталды

2024-10-20     HaiPress

"Интергаз Орталық Азия" АҚ Қызылорда магистральдық газ құбырлары басқармасы директорының бірінші орынбасары сотталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

"Интергаз Орталық Азия" АҚ Қызылорда магистральдық газ құбырлары басқармасы директорының бірінші орынбасары сотталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

Қызылорда қалалық соты "Интергаз Орталық Азия" Акционерлік қоғамы Қызылорда магистральдық газ құбырлары басқармасы директорының бірінші орынбасары Н. Нұрболатұлына қатысты үкім шығарды.

"Ол "Orda Glass LTD" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сметалық құнын асыра бағалау және "Шыны зауытын резервтік газбен жабдықтау газ құбырын салу" нысаны бойынша орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қою арқылы 60,1 миллион теңге сомасында мүліктік залал келтіргені үшін кінәлі деп танылды",- делінген хабарламада.

Сонымен қатар,ол нсанды салу кезінде жергілікті маңызы бар автомобиль жолы учаскесін механикалық кесу арқылы мемлекеттік мүлікке қасақана зақым келтіргені үшін сотталған.

"Сот үкімі бойынша,Нұрболатұлына 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазым атқаруға 3 жыл мерзімге тыйым салу жазасы тағайындалды".

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap