"Қазгидромет" синоптиктері дүйсенбі,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше аймақта ескерту жасады.
Мамандардың болжамы бойынша Қостанай облысының солтүстігінде,шығысында тұман түседі.
Қызылорда облысының солтүстігінде,оңтүстігінде,орталығында найзағай ойнайды. Жел батыстан,оңтүстік-батыстан соғады,күндіз облыстың солтүстігінде,орталығында күші 15-20 м/с болады.
Түркістан облысының солтүстігінде,батысында,таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады,таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде,таулы және тау бөктерлі аудандарында күші - 15-20 м/с.
Шымкентте күннің екінші жартысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады,күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Атырау облысының шығысында кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде,оңтүстігінде тұман түседі.
Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады,күндіз облыстың батысында,оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде,батысында тұман түседі.
Ақтөбе облысының батысында,орталығында нөсер жаңбыр жауады.
Жамбыл облысының батысында,солтүстігінде,таулы аудандарында найзағай ойнайды.
Түнде және таңертең облыстың батысында,шығысында,таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады,облыстың оңтүстік-батысында,солтүстік-шығысында,таулы аудандарында 15-20,күндіз екпіні 23 м/с болады.