бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Қар және тұман: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

2024-10-22     HaiPress

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең,22 қазанда елдің 14 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлытау облысының батысында,солтүстігінде,шығысында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде,шығысында тұман.

Қарағанды облысының шығысында жолдарда көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында,оңтүстігінде тұман.

Түркістан облысының батысында,оңтүстігінде,таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады,таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде,батысында,таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с болады.

Шымкентте күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады,күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Атырау облысының батысында,оңтүстігінде тұман.

Қостанай облысының солтүстігінде тұман.

Ақмола облысының батысында,шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында,шығысында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысында,шығысында тұман.

Павлодар облысының батысында,солтүстігінде тұман,көктайғақ болады.

Абай облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады,облыстың батысында,орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының батысында,шығысында көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан,оңтүстіктен соғады,облыстың солтүстігінде,шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысының орталығында,шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады,екпіні 15-20 м/с болады.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap