Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанаға арналған ауа райы болжамы
23 қазанда Астанада көшпелі бұлт шығады,өткінші жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыстан түнде 3-8,күндіз секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 2-4,күндіз 6-8 градус жылы.
24 қазанда көшпелі бұлтты,өткінші жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан 9-14,екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 3-5,күндіз 6-8 градус жылы.
25 қазанда көшпелі бұлтты,екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 4-6 градус жылы,күндіз 8-10 градус жылы.
Алматыға арналған ауа райы болжамы
23 қазанда Алматыда көшпелі бұлт шығады,жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыстан 3-8,күндіз екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде 7-9,күндіз 11-13 градус жылы.
24 қазанда бұлтты,түнде және таңертең жаңбыр жауады,кей жерлерде нөсер жауады,тұман түседі. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-7,күндіз 11-13 градус жылы.
25 қазанда көшпелі бұлтты,жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 2-4,күндіз 13-15 градус жылы.