бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Министрден мемлекеттік инспекция комитеті басшысына қатысты тергеу туралы сұралды

2024-10-23     HaiPress

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтан Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті басшысы Дархан Әбдікәрімовке қатысты Антикордың тергеуі туралы ақпаратқа пікір беру сұралды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтан Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті басшысы Дархан Әбдікәрімовке қатысты Антикордың тергеуі туралы ақпаратқа пікір беру сұралды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтегі брифингте журналистер министрден бұрын БАҚ-та жарияланған ақпаратты растауды немесе жоққа шығаруды сұрады.

"Қазіргі уақытта анықтау жүргізіліп жатыр. Нәтижелер белгілі болғаннан кейін хабарлаймыз деп ойлаймын. (...) Біздің өзімізде ақпар болмағанда,бірдеңе айту..." - деді Айдарбек Сапаров.

Осыдан кейін ол Дархан Әбдікәрімовтің жұмыстан "уақытша шеттетілгенін" мәлімдеді. Министр мұндай шешімнің себебін айтқан жоқ.

"Тергеу жүріп жатыр,бүгін ештеңеге пікір білдіре алмаймын,құзыретті емеспін",- деп қосты Сапаров.

Сондай-ақ,министрден қарамағындағы қызметкердің кінәсі дәлелденсе,отставкаға кетуге дайын ба деген сұрақ қойылды.

"Бәрі сот шешімінен кейін,заң аясында шешіледі",- деп қысқаша жауап берді ол.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap