бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Қазақстан Қытай мен Бразилияның Украина бойынша бейбіт жоспарын қолдайды - Тоқаев

2024-10-25     HaiPress

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "аутрич"/"БРИКС+" пленарлық отырысында сөз сөйледі. Мемлекет басшысы Қазақстан Қытай мен Бразилияның Украина бойынша бейбіт жоспарын қолдайтынын мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "аутрич"/"БРИКС+" пленарлық отырысында сөз сөйледі. Мемлекет басшысы Қазақстан Қытай мен Бразилияның Украина бойынша бейбіт жоспарын қолдайтынын мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Қытай мен Бразилияның Украина бойынша бейбіт жоспарын қолдайды. Біздің еліміз БРИКС-ке қатысушы мемлекеттердің Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне алаңдаушылық білдіргеніне қосылады,бұл адам шығыны мен гуманитарлық апатқа әкеп соқты. Біздің ойымызша,кедейлік,теңсіздік және білім жетіспеушілігі сияқты жанжалдардың түпкі себептерін бірлесіп жою халықаралық саяси ынтымақтастықты нығайтудың негізгі факторы болып қала береді",- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент еліміз Қытайдың халықаралық тұрақтылықты сақтауға,егемендікті қорғауға,көпжақты тәсілдерді қолдануға және қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге бағытталған жаһандық қауіпсіздік бастамасын қолдайтынын мәлімдеді.

"БҰҰ Жарғысында белгіленген диалогтар қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге және стратегиялық тұрақтылықты нығайтуға ықпал ете отырып,БРИКС-тің күн тәртібінің негізі болды",- деді Президент.

Анықтама: БРИКС (BRICS) - 9 мемлекеттің бірлестігі: Бразилия,Ресей,Үндістан,ҚХР,Оңтүстік Африка,БАӘ,Иран,Египет және Эфиопия. Ұйым 2006 жылы маусымда құрылды.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap