бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Мопед жүргізушісінің қандай құжаттары болуы керек?

2024-10-25     HaiPress

Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек заңға сәйкес әрбір мопед тізгіндейтін жүргізушіде болуы керек құжаттар тізімін атады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек заңға сәйкес әрбір мопед тізгіндейтін жүргізушіде болуы керек құжаттар тізімін атады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство өкілі қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мопед иелерін жүргізуші куәлігін алуға және көлік құралдарын тіркеуге міндеттейтін заңға қол қойғанын еске салды. Бұл шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және мопедтерге қатысты жол-көлік оқиғасы санын азайтуға бағытталған.

Заңға сәйкес мопед жүргізушісінің мына құжаттары болуы шарт:

А1 санатындағы жүргізуші куәлігі;

Көлік құралы тіркелген болуы керек,сәйкесінше мемлекеттік нөмір;

Жүргізушілердің жауапкершілігі міндетті түрде сақтандырылуы керек.

Ал мопедті тіркеу үшін келесі құжаттарды ұсыну керек:

Жеке басты куәландыратын құжат (немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық нысанда);

Салық кодексінің 553 және 615-баптарында көзделген КҚТК және МТНБ бергені үшін тіркеу алымы мен мемлекеттік баждардың төленгенін растайтын құжаттар;

Егер бар болса,техникалық құжат немесе ашық көздерден алынған мопедтің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер;

Меншік иесінің өтініші;

Көлік құралын тексеру актісі.

Мопед рамасының нөмірі болмаған жағдайда,сәйкестендіру нөмірін тіркеуге дейін мопед иесінің өтініші бойынша уәкілетті орган береді.

Айта кетейік,бұған дейін биыл Алматыда мопедтерге қатысты жол апатынан 14 адам қаза тапқаны хабарланған болатын.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap