бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

9 баланың анасы 20 жылдан бері Қазақстан азаматтығын ала алмай жүрген

2024-11-01     HaiPress

Полиция көпбалалы анаға құжаттарын ресімдеуге көмектесті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция көпбалалы анаға құжаттарын ресімдеуге көмектесті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкенттің 39 жастағы тұрғыны Наталья – Ресей Федерациясының тумасы. Ол 1998 жылы анасымен бірге Қазақстанға келген. Алайда 16 жасқа толғаннан кейін тұрақты тіркеудің болмауына байланысты құжаттарды уақтылы ала алмаған.

Шымкент полициясының көші-қон қызметі "Сана Сезім" үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп,әйелді азаматтығы жоқ адам деп танып,тиісті құжаттарды алуға көмектесті.

"Кейін Наталья өзінің күйеуі – Қазақстан азаматымен ресми түрде некеге отырды. Бұл оған жеңілдетілген тәртіппен азаматтық алуға өтініш беруге мүмкіндік сыйлады.

Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы конвенцияға және "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" заңға сәйкес 2024 жылы ол азаматтыққа қабылданып,жеке куәлік алды. Наталья күйеуімен бірге тоғыз бала тәрбиелеп отыр. Қазіргі уақытта көпбалалы ананың барлық құжаттары тиісті түрде ресімделген",- делінген хабарламада.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap