бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады

2024-11-05     HaiPress

ІІМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап

ІІМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап

ІІМ мәліметінше,ауа райының суытуы техногендік өрттердің көбеюіне әкелуі мүмкін.

"Осыған байланысты біз жоғары қуатты электр құрылғыларын бір уақытта қосу арқылы пештерді қыздырмауға және электр желілерін шамадан тыс жүктемеуге кеңес береміз. Автокөлік иелеріне ашық оттың көмегімен автомобильдерді жылыту қауіпті екенін еске саламыз",– деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

ІІМ еліміздің барлық тұрғындарына үйде оқыс жағдайларды болдырмау үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады:

мұржаларды уақтылы тазалап,пештерді жөндеу қажет;

ақауы бар жылыту құрылғылары мен газ жабдықтарын пайдаланбаңыздар;

балаларды ересектердің қарауынсыз жалғыз қалдырмаңыздар. Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаңыздар.

"Барлық оқиғалар туралы 101 немесе 102 телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз",– деді Ақтоты Боранова.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap