бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Түркістандық оқушылар халықаралық олимпиадада топ жарды

2024-11-08     HaiPress

БАӘ-нің астанасы Абу-Даби қаласында "Genius Kids" орталығының ұйымдастыруымен менталды арифметикадан халықаралық олимпиада өтті.

БАӘ-нің астанасы Абу-Даби қаласында "Genius Kids" орталығының ұйымдастыруымен менталды арифметикадан халықаралық олимпиада өтті.

Білім бәйгесіне әлемнің 12 мемлекетінен үздік оқушылар қатысты. Аталған олимпиадаға Түркістан облысы Жетісай ауданының "Smart English" орталығынан 14 оқушы қатысып,Франция,БАӘ,Ресей,Әзірбайжан,Бельгия сынды мемлекеттерден келген жастармен бақ сынасты.

Халықаралық деңгейде өткен байрақты білім бәсекесінде бақ сынаған Түркістан облысының білімді жастары топ жарып,жүлделі орындарға ие болды.

Алмас Мұратов пен Аяна Мұратова,Нұрислам Жора,Асылзат Беркімбай - 1 орынға жайғасса,Мұхаммед Шалқаров,Мұстафа Болыс,Нәила Азимова - күміс жүлдені қоржынға салды.

Ал,Мұхаммеджан Болыс,Санжар Әбдіғаппар,Мадияр Орынбай,Сезім Дүйсенбай,Әбілмансұр Жақсылық пен Кәусар Оспан үздік үштікті қорытындылады. Сондай-ақ,жетісайлық Інжу Жандарбек халықаралық білім бәйгесінің "Супер чемпионы" атанды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap