бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Камала Харрис жеңілісін мойындады

2024-11-08     HaiPress

АҚШ президенттігіне демократтар атынан кандидат болған вице-президент Камала Харрис республикашылдар атынан түскен қарсыласы Дональд Трампты 2024 жылғы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтау үшін қоңырау шалды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Америка дауысына" сілтеме жасап.

АҚШ президенттігіне демократтар атынан кандидат болған вице-президент Камала Харрис республикашылдар атынан түскен қарсыласы Дональд Трампты 2024 жылғы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтау үшін қоңырау шалды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Америка дауысына" сілтеме жасап.

Олар билікті бейбіт жолмен берудің маңызын және барлық америкалық үшін Президент қандай рөл атқаратынын талқылаған. Әңгіме бірнеше минутқа созылды.

"Дональд Трамп пен Камала Харрис сәрсенбіде таңертең телефонмен сөйлесті. Харрис Трампты тарихи жеңісімен құттықтады. Президент Трамп вице-президенттің күшін,кәсібилігін және табандылығын жоғары бағалады,екі көшбасшы да елдегі бірліктің маңызын мойындады",- деп жазылған Трамптың сайлауалды штабының мәлімдемесінде.

Трампқа АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден де қоңырау шалып,сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Байден құттықтауында Трамп елді біріктіру үшін жұмыс істеу керек екенін айтты.

Сол күні Камала Харрис сайлауда жеңілгеннен кейін көпшілік алдында сөз сөйледі. Вашингтондағы Ховард университетінің бас ғимаратының алдына жиналған жақтастарына сөйлеген сөзінде Харрис сайлау нәтижелерін "қабылдаулары керек" екенін және Байден әкімшілігі жаңадан сайланған президент Трампқа,оның командасына өтпелі кезеңде көмектесуге дайын екенін айтты. Сонымен қатар "биліктің бейбіт жолмен берілуін" қамтамасыз етуге уәде берді.

Харристің жеңілісті мойындаған сөзі шамамен 10 минутқа созылды.

Айта кетейік,2024 жылы 5 қарашада Америка Құрама Штаттарында президент сайлауы өтті. Негізгі кандидаттар республикашылар атынан Дональд Трамп және демократтар атынан Камала Харрис болды. Бұл - елдің 47-ші президенті сайланатын 60-шы президенттік сайлау.

Трамп Вашингтон уақыты бойынша түнгі сағат екіде (Астана бойынша сағат 12:00-де) сайлаудың жеңімпазы деп жарияланды. Ол барлық негізгі штатта жеңіске жетті.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap