бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Қазақстан 15 жылға 168 миллиард теңге қарыз алады

2024-11-13     HaiPress

Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АБИИ) арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялауға мүмкіндік беретін заң жобасын қарауға алды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АБИИ) арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялауға мүмкіндік беретін заң жобасын қарауға алды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаты Татьяна Савельеваның мәліметінше,несиелік келісімге Астанада 2024 жылғы тамызда қол қойылған.

"Азия даму банкінен Қазақстанға 52,3 миллиард йен сомасында (167,4 миллиард теңге - еск.) беріледі. 2027 жылғы 1 маусымға дейінгі жеңілдікті кезеңді қоса алғанда,өтеу мерзімі 15 жыл",- деді Савельева Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша,жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет тапшылығының бекітілген мөлшері шеңберінде экономиканың тұрақтылығын қолдау үшін Қазақстанға қаражат қажет.

"Қаржы және бюджет комитеті осы заң жобасын пысықтауға және ол бойынша қорытынды дайындауға дайын. Қолдауыңызды сұраймын",- деді парламентарий әріптестеріне.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap