бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Алматылықтарды көшедегі екі қатарлы жиектас таңғалдырды: әкімдік жауабы

2024-11-14     HaiPress

Алматылықтарды жол жиегіндегі екі қатарлы жиектас (бордюр) таңғалдырды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Редакцияның WhatsApp-тағы +7 777 001 44 99 нөміріне оқырман видео жіберді.

Алматылықтарды жол жиегіндегі екі қатарлы жиектас (бордюр) таңғалдырды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Редакцияның WhatsApp-тағы +7 777 001 44 99 нөміріне оқырман видео жіберді.

"Жароков көшесіндегі өзгерісті көрсетейін деп едім. Мүмкін бұл бүкіл қала бойынша енгізілетін өзгеріс болар. Әдетте бордюр қатарын үнемі ауыстырып тұратын,енді екінші қатар бордюр қойып жатыр. Барлығы мұқият цементтеліп жатыр. Алдымен шөп отырғызған,енді бордюрларды цементтеп жатыр. Мүмкін,Жароков көшесінде екі жағынан осындай ерекше жолақ пайда болады," – дейді оқырманның кадр сыртындағы дауысы.

Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігіне сауал жолдады. Олар берген жауап мынадай:

"Бостандық ауданының магистрал көшесі - Жароковта Абай даңғылынан Әл-Фараби даңғылына дейін екі жағынан техникалық жаяу жүргіншілер жолағын ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Техникалық жолақ көше бойынан өтетін жүргіншілерден бөлек,жол құрылысы мен газонды нығайту мақсатында орналастырылған. Оның негізгі мақсаты – топырақтың ыдырауын және ылғалдануын тежеу," – деп түсіндірді Алматы әкімдігі.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap