бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Перизат Қайрат палестиналықтардың қаражатын жымқырды деген тағы бір күдікке ілінді

2024-11-18     HaiPress

Қаржы мониторингі агенттігі (AFM) Перизат Қайраттың тағы бір заңсыз әрекетін әшкереледі,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы мониторингі агенттігі (AFM) Перизат Қайраттың тағы бір заңсыз әрекетін әшкереледі,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Перизат Қайрат Палестина тұрғындарына жиналған қайырымдылық ақшасын жымқырды деген де күдікке ілініп отыр.

"2023 жылдың қараша айында Перизат Қайрат Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинауды ұйымдастырды. 2023 жылғы желтоқсанда осы ақша есебінен Перизат Қ. "Sensata Plaza" элиталық кешенінен 49 млн теңгеге үш бөлмелі пәтер және 30 млн теңгеге "Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic" жаңа автокөлігін сатып алды" делінген хабарламада.

Сонымен қатар,қаражаттың бір бөлігі БАӘ-де Rolex,Prada және Fendi брендтерінің бутиктерінен зергерлік бұйымдар,сағаттар мен киім-кешек сатып алуға жұмсалғаны хабарланды.

"Бұл эпизод бойынша Перизат Қ. 200 млн теңгеден аса қаражатты жымқырды деп күдіктелуде",- деп толықтырды Қаржы министрлігі.

Егер Сіз Перизат Қайраттың алаяқтық әрекетінің құрбаны болған болсаңыз,Астана қаласы,Бейбітшілік көшесі,10 мекенжайы бойынша Қаржы мониторингі агенттігіне немесе +7 (7172) 70-84-78 телефоны арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.

Еске салайық,14 қараша күні Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайрат 1,5 миллиард жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады. Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap