БҰҰ рейтингінде Қазақстан электрон үкіметтің даму деңгейі бойынша әлемнің ең үздік 25 елінің қатарына енді. Біздің ел 193 мемлекеттің арасында 24-орында тұр. Бұл туралы 24.kz сюжетінде хабарлады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл ретте рейтингтің басты көрсеткіштерінің бірі – онлайн-қызметтер индексі бойынша Қазақстан Жапониядан сәл артта қалып,үздік ондыққа енді.
Қазақстаннан кейін ТМД елдерінің ішінде ең жақсы нәтиже Арменияда (53-орын). 56-орында Ресей,59-орында Өзбекстан,89-орында Қырғызстан орналасқан. Рейтингті Оңтүстік Корея бастап тұр,оның индексі максималды 1-ге тең,ал ең төменгі көрсеткішке ие Эритрея соңғы орында,индексі 0.
Қазіргі уақытта Қазақстанда неке тіркеу,құжаттарды ауыстыру,жүргізуші куәлігін алу,салықтық және басқа да декларацияларды тапсыру,жылжымайтын мүлік рәсімдеу қызметтерін онлайн алуға болады.