бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Салық қызметкерлері қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады

2024-12-25     IDOPRESS

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде интернет-алаяқтар салық төлеушілердің электронды пошталарына немесе әлеуметтік желілерде хабарлама түрінде "Заңбұзушылықтарды жою туралы ескерту. Бюджетке қарызды банктік шоттардағы ақша есебінен өндіріп алу" деген тақырыппен жалған хабарламаларды жіберуді жалғастырып жатыр",– делінген хабарламада.

МКК заңға сәйкес барлық хабарламалар автоматты түрде нөмірленіп,жүйелі түрде қалыптасатынын еске салды. Хабарламалар тек "Салық төлеушінің кабинеті",eGov порталы және e-Salyq қосымшаларына жіберіледі. Кейбір хабарламалар жеке кабинетте бірден қолжетімді болады. Камералды бақылау бойынша хабарламаларды КНП немесе eGov арқылы PDF форматында сұратуға болады.

"Осыған байланысты МКК жалған хабарламаларға сенбеуді,ақша аудармауды,күмәнді сілтемелерге өтпеуді және алынған хабарламаларды тексеруді ұсынады. Маңызды! МКК ақпараттық жүйелерінен салық төлеушілердің электронды поштасына хабарламалар жіберілмейді",– деп ескерткен комитет.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap