бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Ауыр қылмыс жасады деген күдікті Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды

2024-12-30     IDOPRESS

Өлімге әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын келтіру қылмысына күдікті Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Өлімге әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын келтіру қылмысына күдікті Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жәбірленушінің өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын келтіргені үшін Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялаған.

"Күдікті 2021 жылғы наурызда тағы да жеке тұлғаға қарсы ауыр қылмыс жасаған. Атап айтқанда,күдікті Қостанайдағы жәбірленушінің пәтерінде бірге алкогольдік ішімдік ішу кезінде өзара араздық салдарынан жәбірленушінің басы мен денесіне көптеген жасаған соққылар салдарынан жәбірленуші қайтыс болды.

Жауаптылықтан құтылғысы келген күдікті қашып кеткен,сол себепті ол халықаралық іздеуге жарияланған",- делінген хабарламада.

Күдікті іздеуде жүргенде Ресей аумағында қарақшылық шабуыл жасап,сол үшін Ресей сотымен сотталған.

"Көрші мемлекетте жазасын өтегеннен кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланып,қазіргі уақытта тергеу изоляторына қамалды".

Жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын келтіргені үшін 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap