бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Алматы полициясы жаңа жыл түні қалай өткенін хабарлады

2025-01-03     HaiPress

Алматы қалалық департаментінің баспасөз қызметі мегаполисте Жаңа жыл түні қалай өткенін баяндады. Ведомствоның мәліметінше,мереке елеулі қылмыстар мен құрбандарсыз өтті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қалалық департаментінің баспасөз қызметі мегаполисте Жаңа жыл түні қалай өткенін баяндады. Ведомствоның мәліметінше,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа жыл қарсаңында Алматы полициясы күшейтілген қызмет көрсету режиміне ауыстырылды.

"Патрульдік нарядтардың саны көбейтілді,қызмет көрсету маршруттары көбейіп,ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 300 әскери қызметшісі жаяу патрульдеуге тартылды. Азаматтардың жаппай жиналатын орындары мен мәдени-көркемдік шаралар өткізілетін орындар ерекше бақылауға алынды. Жалпы жаңа жыл түні қаладағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге үш мыңнан астам полицей жұмылдырылды",– деп хабарлады полиция.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні Алматыда салыстырмалы түрде тыныш өтті.

"Өткен тәулікте мегаполисте үш мүліктік қылмыс жасалды. Олар патрульдік полиция қызметкерлері тарапынан "ізін суытпай" ашылды. Сондай-ақ қала жолдарында бес мас жүргізуші ұсталып,көлік басқарудан шеттетілді",– деп мәлімдеді Алматы ПД баспасөз қызметі.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap