Атыраудағы №37 орта мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі педагогикалық кеңесте өзін балағаттаған соң,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде жарияланған ақпарат бойынша ұстазды педагогикалық кеңесте жұрт алдында балағаттап,алаяқтық жасады деп айыптаған.
Оқу-ағарту министрлігі Білім сапасын қамтамасыз ету комитетінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді. Ведомствоның мәліметінше,жағдай комитеттің бақылауында.
"Жағдайды анықтау үшін қалалық басқарманың,Атырау облысы әкімдігінің білім басқармасының және Оқу-ағарту министрлігінің білім сапасын қамтамасыз ету аумақтық департаментінің өкілдерінен тұратын арнайы комиссия құрылды",- делінген хабарламада.
Қазір мән-жайды жан-жақты зерттеу үшін тергеу басталды.
"Министрліктің аумақтық департаменті педагогикалық әдеп мәселелері бойынша жоспардан тыс өңірлік кеңес өткізеді,оның қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады",- деп атап өтті ведомство.
Комитеттің баспасөз қызметі ұстаздың жағдайы тұрақты екенін хабарлады.
"Өзін жақсы сезінеді,мұғалімге қажетті психологиялық көмек көрсетіледі",- делінген хабарламада.