бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

ШҚО-да шенеунік 30 мың доллар пара алған: сот үкімі шықты

2025-01-12     IDOPRESS

Сот Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасарына үкім шығарды. Ол аса ірі мөлшерде пара алды деп айыпталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасарына үкім шығарды. Ол аса ірі мөлшерде пара алды деп айыпталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша,Өскемен қаласының №2 соты Қазақстан Республикасы Экология,геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары азамат Т-ға қатысты ірі мөлшерде пара алды деген айып тағылған қылмыстық істі қарады.

ШҚО экология департаменті азаматтардың өтініштері бойынша азамат Т-ның басшылығымен АӨФ-да (алтын өндіру фабрикасы) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы нормаларының сақталуына тексеріс жасады.

Тексеру барысында құрылысты аяқтау мерзімдері бойынша жобалық шешімдерден ауытқу бөлігінде бірқатар бұзушылықтар анықталды. Бұл жағдай ҚР ӘҚБтК-нің 328-бабы 4-бөлігіне сәйкес кәсіпорынның қызметінің тоқтатылуына әкеп соқтырады.

"Азамат Т. ЖШС-ын әкімшілік жауапкершілікке тартпау,АӨФ қызметін тексеру нәтижесі бойынша оң шешім шығару үшін 2023 жылдың мамыр айында ЖШС директоры азамат С-дан 30 000 АҚШ доллар сомасында пара алды (12.05.2023 жылғы долларға шаққандағы доллар бағамы бойынша - 13 326 600 теңгеге)" - деді сотта.

Кінә заттай дәлелдеме - 6 970 000 теңге сомасында ақшалай қаражатпен,сыйақыға мәселенің оң шешілуі туралы уағдаластығын растаған куәгерлердің айғақтарымен,жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен,сараптамалардың қорытындыларымен расталды.

Прокурор сотталушы Т-ға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сотталушы Т. кінәсін мойындамай,оны ақтауды сұрады.

ҚК-нің 366-бабының 3-бөлігі 3-тармағының санкциясы айыппұл түрінде не 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Қабылдаған антын бұзған адамның қылмыстық құқықбұзушылық жасауы ауырлататын мән-жай деп танылды. Жеңілдететін мән-жайлар ретінде асырауында бес баласының болуы танылды.

Сот жасалған қылмыстың ауырлығына қарай сотталған Т-ға осы баппен қарастырылған ең ауыр жаза - мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып,7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Еске салайық,аса ауыр сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасаған тұлғаларға мерзімінен бұрын шартты түрде босату қолданылмайды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap