бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Лос-Анджелестегі өрт: қаза тапқандар саны артты

2025-01-13     HaiPress

Калифорнияның оңтүстігін шарпыған өртте кем дегенде 24 адам қаза тауып,оннан астам адам жоғалып кетті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ABC News-қа сілтеме жасап.

Калифорнияның оңтүстігін шарпыған өртте кем дегенде 24 адам қаза тауып,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ABC News-қа сілтеме жасап.

Телеарна Лос-Анджелес округінің медициналық сараптама департаментінің соңғы мәліметтерін келтіреді,оған сәйкес 16 адам Итон-Каньондағы өрттен,ал 8 адам Палисадестағы өрттен қайтыс болды.

Құрбан болғандардың саны артуы мүмкін деп болжанады.

Басылым өрт сөндіру бригадалары жойқын өртті тоқтату үшін күресіп жатқанын атап өтті. Лос-Анджелес округінде мыңдаған құтқарушы жұмыс істеп жатыр. Палисадестегі ең үлкен өрт мыңдаған ғимараттарды шарпып,тек 11 пайызға,Итон-Каньонында 27 пайызға ғана оқшауланды.

Айта кетейік,бұған дейін БАҚ 16 адам қаза тапқаны туралы хабарлаған болатын.

Президент Джо Байден өртті үлкен табиғи апат деп жариялады және АҚШ үкіметі алдағы алты айда қалпына келтіру шығындарының 100 пайызын өтейтінін мәлімдеді.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap