бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Тұман және көктайғақ: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

2025-01-14     HaiPress

"Қазгидромет" синоптиктері 14 қаңтарда елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады. Мамандардың болжамына қарағанда,кей өңірде тұман түсіп,көктайғақ болады,ал енді бір өңірлерде екпіні күшті жел соғады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" синоптиктері 14 қаңтарда елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады. Мамандардың болжамына қарағанда,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде,оңтүстігінде,шығысында көктайғақ болады. Облыстың батысында,солтүстігінде,шығысында тұман түседі.

Атырау облысының батысында,солтүстігінде көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде,батысында,солтүстігінде тұман.

Түркістан облысының оңтүстігінде,таулы аудандарында тұман түседі.

Ақтөбе облысының батысында,солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде,шығысында тұман түседі.

Абай облысының шығысында тұман. Жел оңтүстік-шығыстан соғады,облыстың солтүстігінде,орталығында екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді.

Маңғыстау облысының батысында,орталығында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде,оңтүстігінде тұман. Жел шығыстан,оңтүстік-шығыстан соғады,облыстың батысында,оңтүстік-шығысында,орталығында екпіні - 23 м/с.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады,Алакөл көлдері ауданында екпіні кей уақытта секундына 23-28 метрге жетеді.

Ақмола облысының батысында,солтүстігінде тұман.

Қостанай облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын. Облыстың батысында,орталығында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында,оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады,күндіз облыстың батысында,оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap