бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Жапонияда күшті жер сілкінісі болды

2025-01-14     HaiPress

Жапонияның оңтүстік-батысында магнитудасы 6,9 болатын жер сілкінісі болды. Осыдан кейін өңірде цунами туралы ескерту жарияланды. Қазіргі уақытта бұл ескерту алып тасталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NHK мәліметіне сілтеме жасап.

Жапонияның оңтүстік-батысында магнитудасы 6,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NHK мәліметіне сілтеме жасап.

Жапонияның метеорологиялық агенттігі мәліметінше,жер сілкінісі жергілікті уақытпен 21:19-дан кейін болған. Осыған байланысты Кюсю аралындағы Миядзаки префектурасында,сондай-ақ Жапонияның оңтүстігіндегі Коти префектурасында ескерту жарияланды.

Жер сілкінісінен кейін шамамен 30 минут ішінде биіктігі шамамен бір метр болатын алғашқы цунами толқыны жағалауға жетті.

Билік цунами туралы ескертуді дүйсенбі күні кешкісін алып тастады,бірақ жергілікті тұрғындарға теңізден және жағалаудан аулақ болуға шақырып жатыр. Себебі екінші және үшінші толқындар алғашқы толқыннан биік болуы мүмкін деп ескертілген.

Синоптиктердің айтуынша,осы ауданда дәл осындай күшті жер сілкіністері болса,жартастардың құлауы және тастардың домалауы тұрғындарға қауіп төндіруі мүмкін.

Жапонияның көп бөлігі Тынық мұхитының отты сақинасында орналасқан,бұл аймақ қарқынды сейсмикалық және вулкандық белсенділігімен танымал.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap