бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Қазақстанның Қылмыстық кодексінде жаңа бап пайда болады

2025-01-15     HaiPress

Қазақстанның Қылмыстық кодексі заңсыз сыйақы беруге жауапкершілік қарастыратын жаңа баппен толықтырылады. Бұл өзгеріс сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық актілерге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар аясында қарастырылған,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның Қылмыстық кодексі заңсыз сыйақы беруге жауапкершілік қарастыратын жаңа баппен толықтырылады. Бұл өзгеріс сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық актілерге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар аясында қарастырылған,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Мәжілісте "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобалары қаралып жатыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұловтың айтуынша,бұл өзгерістер мен толықтырулар "Жедел-іздестіру қызметі туралы" заңға түзетулер енгізуді қарастырады.

"Заңға енгізілген түзетулердің мақсаты – бопсалау белгілері болған жағдайда заңсыз сыйақы алу деректерін анықтау үшін арнайы жедел іс-шаралар жүргізуге мүмкіндік беру. Сондай-ақ Қылмыстық кодекске жаңа 247-1-бабы қосылады,ол заңсыз сыйақы бергені үшін жауапкершілікті қарастырады",– деді Сарқұлов Мәжіліс отырысында.

Антикор төрағасының бірінші орынбасарының айтуынша,бұл өзгеріс заңсыз сыйақы алушылармен қатар,оны берушілерді де жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap