бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

“Ұят болады“. Қазақстанға жемқорлардың жария тізімі неге керек?

2025-01-16     HaiPress

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов Қазақстанға сыбайлас жемқорлардың жария тізімі не үшін қажет екенін түсіндірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов Қазақстанға сыбайлас жемқорлардың жария тізімі не үшін қажет екенін түсіндірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сарқұловтың сөзіне сенсек,мұны енгізу бюджеттен ешқандай шығынды талап етпейді.

"Біз бұл мәселеде басқа мемлекеттік органдармен жан-жақты жұмыс істедік. Бұл мемлекеттік тізілімді енгіземіз,ол ешқандай шығынға ұшыратпайды. Ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамдар бойынша соттың соңғы үкімдері болады. Біз "Ұят болады" дейміз. Ұят болмас үшін олар осы тізімде болады",- деді Ұлан Сарқұлов Мәжіліс дәлізінде.

Сарқұлов тізімге заң күшіне енгеннен кейін сотталған жемқорлар ғана кіретінін мәлімдеді.

Қазақстанда жемқорлардың жария тізімі пайда болады. Бұл туралы 15 қаңтарда өткен Мәжіліс отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов мәлімдеді.

Мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда қарады. Тиісті заң жобасымен 3 кодекс пен 5 заңға түзетулер енгізіліп отыр. Түзетулердің басым бөлігі жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap