Алматыда тағы бір заңсыз нысан сүріліп жатыр,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қала құрылысын бақылау басқармасына сілтеме жасап.
Бұл жолы Черновицкая көшесі,10 мекенжайында орналасқан үш қабатты үй сүріледі. Басқарма мәліметінше,меншік иесі (жеке тұлға) құрылысқа рұқсат құжаттарынсыз кіріскен – СЖТ,эскиздік жоба келісімі,жоба сараптамасы және құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама болмаған.
Тұрғынның өтініші бойынша жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылды.
"Кейін басқарманың талап арызы бойынша Алматы Жетісу аудандық сотының 2023 жылдың 7 қыркүйегіндегі шешімі бойынша заңсыз салынған үш қабатты тұрғын үйді сүру туралы қаулы шығарылды. Нысанды бұзу жұмыстары меншік иесінің ерікті түрде,сот орындаушыларының қатысуымен жүргізіліп жатыр",– делінген хабарламада.