Қазгидромет синоптиктері 18 қаңтардан 23 қаңтарға дейін Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Атлантикалық циклон ықпалынан Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы қалыптасады. Батыста,оңтүстікте және 20-21 қаңтарда елдің солтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Қазақстан бойынша желдің күшеюі,тұман,көктайғақ болжанған.
18 қаңтарда Түркістан облысында,20 қаңтарда Ұлытау облысында,21 қаңтарда Ақтөбе,Қостанай,Солтүстік Қазақстан облыстарында,21-22 қаңтарда Ақмола облысында,22 қаңтарда Павлодар,Қарағанды,Түркістан,Жамбыл,Абай облыстарында,22-23 қаңтарда Шығыс Қазақстан,Алматы және Жетісу облыстарында күшті жауын-шашын болжанып отыр.
22 қаңтардан бастап суық ауа массасы тарала бастайды,бұл ауа температурасының түнде едәуір төмендеуіне әкеледі:
батыста 10-20 градус аязға дейін;
солтүстік-батыста және солтүстікте 20-30 градус аязға дейін;
орталықта және шығыста 25-35 градус аязға дейін;
елдің оңтүстігінде 12-25 градус аязға дейін.
Синоптиктер қазақстандықтарды мұқият болып,қатты аязға және күрделі ауа райы жағдайларына дайын болуға шақырады.